Қорғаныс министрлігі 13 әскери қызметкердің қаза тапқанын растады

Sputnik Казахстан
Қорғаныс министрлігінің басшылығы тарапынан моральді және материалды көмек көрсету бойынша шаралар қолданылатын болады.

Әскери борышын өтеу кезінде ағымдағы жылғы 27 наурыз күні, ҚР ҚК тікұшағының апатқа тап болуы нәтижесінде, оқу-жаттығу жұмыстарының барысында 13 әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сітеме жасап.

Қазақстан Қарулы күштерінің барлық жеке құрамы қаза болған әскери жолдастарының туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Қорғаныс министрлігінің басшылығы тарапынан моральді және материалды көмек көрсету бойынша шаралар қолданылатын болады.

2019 жылғы 27 наурыз күні ҚР ҚК тікұшағы опат болды.

Тікұшақ бортында 13 адам болған. Ол тікұшақ төрт әскери тікұшақ звеносы құрамында Ақтау қаласынан Шымкент қаласына ұшып бара жатқан. Тікұшақтардың ұшуы арнайы бөлімшелердің "Алтын жебе" атты кешенді тексеруі мен жаттығуы аясында түнгі уақытта күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі