Алматыда алаяқ-геймер ұсталды

pxhere.com
Ер адам ойын приставкаларын жалға алып, артынша оларды ломбардқа өткізіп отырған.

Алматыда Әуезов ауданының аумағында "Sony Playstation 4" ойын приставкаларына қатысты алаяқтық әрекеттер жасаған 30 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Ойын құрылғыларын жалға беретін жас жігіттер қаскөйдің зұлымдық әрекеттерінің құрбанына айналған. Фигурнаттың Әуезов ауданының аумағында жасалған осындай жеті эпизодқа қатысының барлығы дәлелденді. Ол өз құрбандарын хабарландырулар арқылы тауып, құрылғыны бір тәулікке жалға алатын болып келіседі, бірақ артынша оны ломбардқа өткізіп жіберіп отырған, - деді Әуезов аудандық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Тұрыспаев.

Алматы полициясы ұсталған адамға мұқият зер салып, оның осындай басқа да қылмыстық әрекеттерге қатысының бар екенін білсе мына телефон нөмірлеріне хабарласуларын сұрайды: 298-53-00; 298-53-01 және 298-53-02.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады