Шамалғандағы теміржол өткелінде апатқа ұшыраған қыздардың бірінің жағдайы жақсарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
"Кеше 5 жасар бала есін жинады, жасанды тыныс алу аппаратын алып тастадық, бүгін ол әрі қарай ем алу үшін мамандандырылған бөлімге ауыстырылып жатыр. Жағдайы ауыр, динамикасы тұрақты", деп атап өтті департаменттегілер
Оның 3 жасар сіңлісіне келер болсақ, ол әлі жасанды тыныс алу аппаратына "танылған". Жағдайы өте ауыр, нашарлау байқалмайды.
19 қыркүйекте Шамалғанда жарақат алған балалар аудандық ауруханадан Алматыға ауыстырылған. 3 және 5 жастағы екі қыз Балаларға шұғыл көмек көрсету орталығына жеткізілген еді. Олардың анасы № 7 қалалық клиникалық ауруханаға ауыстырылған. Қазір әйелді отаға дайындап жатыр.
Айта кетсек, 15 қыркүйекте Алматы-Отар учаскесінің Алматы-Отар жол учаскесіне қарасты "Ақсеңгір-Шамалған" теміржол өтпесінде № 456 бағыттағы Алматы-Қостанай жолаушылар пойызы мен Алматы-Қаскелең бағытында жолаушылар тасымалдайтын "Сетра" автобусымен соқтығысты. Салдарынан автобус жүргізушісі қайтыс болып, үш жолаушы ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Олар - 1986 жылғы әйел және оның 2014 және 2016 жылдарғы екі баласы. Үш науқас та комаға түскен. Автобуста барлығы 67 жолаушы болған делінеді. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.