Ақтөбеде өз қатарласын мұз айдынында пышақтап өлтірді деп айыпталған 10 сынып оқушысы 9 жылға сотталды. Сот осындай үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл қайғылы оқиға 26 қаңтарда Шалқар ауданының орталығында болған. "Шалқар көлі" мұз айдынына коньки тебуге барған екі мектептің оқушылары өзара төбелесіп, бірі екіншісін пышақтаған. Ақырында жүрек тұсынан алған ауыр жарақаттан бозбала қаза табады. Ал пышақ салған 17 жасар жігіт кейін кінәсін мойындап, полицияға келген.
Айта кетейік, Сот медициналық сараптамасының салынған пышақтың 11 см кем болмағанын және жүрек тұсына салынған жарақаттан баланың тек 15 тен 30 минут қана өмір сүру мүмкіндігі болғанына сүйене отырып, сот үкім етті.
Алтынбек Сабыров, Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:
- Сабыр Асылбек Нұрлыбекұлы ҚР ҚК 99 бабы 2 бөлігі 14 тармағымен кінәлі деп танылып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.
Сабырдың жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу белгіленсін. Сот сондай-ақ жәбірленуші тарапқа 3 млн теңге көлемінде моральдық шығын және 1 жарым миллионнан теңгеден астам материалдық шығын өтеуді міндеттеді. Қаза болған оқушының әкесі сот үкіміне көңілі толатындығын жеткізді.
Жұмабек Оразалин, жәбірленуші:
- Маған ешқандай оңай болмай тұр. Мұңдай жағдайды жауымның да басына тілемеймін. Мұңдай қайталанбаса екен деп ойлаймын.