Полиция жеделсаты ішіне дәрет сындырған әйелді тауып алды

видеодан алынды
36 жастағы әйел сол үйде тұратын туысқандарына қонаққа келген.

Полиция Нұр-Сұлтан қаласының "Мұнар" тұрғын үй кешенінің біріндегі жеделсаты ішінде дәрет сындырып, видеоға түсіп қалған әйелді тапты, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

36 жастағы әйел сол күні өзінің туыстарына қонаққа келіпті, ал кетіп бара жатып, қатты қысылған соң жеделсаты ішінде кіші дәрет сындырғанын мойындаған.

Полиция оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабы, "Кішігірім бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Енді оған бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе 10 күнге дейін әкімшілік қамауға алынады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды