Түркістан облысында сиыр іздеуге шыққан әйел жоғалып кеткен

Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі
Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта әйел емделіп жатыр.

Түркістан облысының полицейлері жардан құлап, бес сағат жатып қалған әйелді құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz аймақтық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазығұрт аудандық полицияның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын өзінің 60 жастағы анасының кешке жайылымнан қайтатын малдың алдынан шығуға кетіп, содан оралмағанын айтып шағымданған.

Әйелді полициядан бөлек, көршілері мен туыстары да қоса іздеді. Түнгі сағат 23.30 шамасында полиция оны тапты. Белгілі болғандай, қарт әйел жазық далада аяғы тайғанап, үш метр шұңқырға құлап кеткен. Ол бір орнынан қозғала алмаған.

Әйел жатқан жер мен үйдің арасындағы қашықтық 1,5 шақырымды құрайды. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта әйел емделіп жатыр.

Табылған әйелдің балалары Қазығұрт аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне зор ризашылықтарын білдірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Азия ойындары: 23 қыркүйекте ел намысын кімдер қорғайды

Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысына қай аудандар енетіні белгілі болды

Ғалым Сейіт Қасқабасов дүниеден озды