Қостанайда мұз астына түсіп кеткен балаларды құтқару кезінің видеосы жарияланды

narodna-pravda.ua
Тек 2011 жылы туған баланы және 1954 жылғы ер адамды құтқару мүмкін болды. Екеуінің де хал-күйі орташа деңгейде.

Қостанай облысы Жітіқара қаласында 10 қарашада сағат 16:25 шамасында полиция қызметкерлері көл бетіндегі мұзда ойнап жүріп, суға түскен үш баланы құтқарды. Оның видеосы желіде жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz Alau.kz-ке сілтеме жасап.

Балалар сырғанап ойнап жүргенде көлдің бетіндегі мұз жарылып, балалар суға кеткен.

Орталық аурухана дәрігерлері өздеріне келіп түскен 2014 және 2013 жылғы балалардың қайтыс болғанын тіркеді, алдын ала себебі - қатты суықтап, мұздау.

Тек 2011 жылы туған баланы және 1954 жылғы ер адамды құтқару мүмкін болды. Екеуінің де хал-күйі орташа.

- Оқыс оқиғаға куә әйел балалардың есі шығып кеткенін айтады. Ер адам жүгіріп барып, оларды құтқаруға тырысқан. Сол кезде куәгерлер полиция мен дәрігерлерді шақырған. Полиция қызметкерлері бәрін судан шығарып алып, оларды дәрігерлерге тапсырды. Көл бетіне мұз қатып, онда балалар ойнап жүрген. Ол арадағы тереңдік – 1 метр, - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Талғат Кәкімов.

Полиция ата-аналардан балаларына мұз үстінде ойнау өте қауіпті екенін ескертуді сұрайды. Қарашадан желтоқсанға дейін су бетіндегі мұз жұқа болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі