Әлеуметтік желіде көлік ішінде түрлі қаруды ұстап көрсетіп: "Астана, біздікі" деген жігіттің видеосы тарауда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұздай қарулы жігіттің видеосы Instagram-дағы astana_sergek парақшасында жарияланды. Оның қолында төрт оқты травматикалық тапанша, электр талдырғыш тапанша пен автоматқа ұқсас қарулар бар.
- Ей, Салам Алейкум ағайын! Астана - біздікі, біздікі! - дейді жігіт видеода орысша балағат сөздерді араластыра.
"Мен бәрін қырып саламын", - дейді арғы жағындағы тағы бірі.
Видеода бейәдеп сөздер бар.
Нұр-Сұлтан полиция бөлімінің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне бұл видеоны көріп үлгергендерін және оны зерттеп жатқандарын айтты.
- Бұл видеоға сәйкес, елордалық полиция департаменті бүгіндері тексеріс жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша бұл туралы қосымша хабарланады, - деді елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.