"Гранатаға ұқсайды". Нотариусты кепілге алушының  кім екені белгілі болды

Мой город
Полиция қызметкерлері ер адамды сөзге тартып, келіссөздер жүргізуге тырысып жатыр.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі кепілге алынған әйел туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Орал қаласында сағат 13:10 шамасында 102 нөміріне нотариус қызметкерін біреу кепілге алып, есікті ішінен жауып алғаны туралы хабар келіп түсті. Алдын ала ақпарат бойынша, адамның қолында пышақ және гранатаға ұқсас зат бар. Оқиға орнына барлық жедел қызметтер келді. Бес қабатты ғимараттың барлық тұрғындары эвакуацияланды, үйдің айналасы қоршауға алынды, - деп хабарлады полициядағылар.

Полиция қызметкерлері ер адамды сөзге тартып, келіссөздер жүргізуге тырысып жатыр.

Оқи отырыңыз: Оралда әйелді кепілге алған кеңсеге полицейлер шоколад пен шампан жеткізді

- Оқыс оқиға орынында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы міндетін атқарушы Серік Сүйінбаев барды. Ер адамның жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта ерлі-зайыптылар сот арқылы ажырасып жатқаны белгілі болды, - деп хабарлады БҚО ДП баспасөз қызметі.

Кепілге алу оқиғасының видеосын мына сілтемеден көре аласыздар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі