Тергеу комитеті РФ Орталық сайлау комиссиясының жетекшісі Элла Памфилованың үйіне жасалған шабуылға қатысты тергеуді аяқтады. Сараптама көрсеткендей, айыпталушы қазақстандық Ахад Қарабалаев психикалық дертке шалдыққан науқас жан болып шықты, деп хабарлайды РИА Новости.
"Ол созылмалы психикалық дертке шалдыққан, сондықтан өз іс-әрекеттерінің табиғаты мен әлеуметтік қауіптілігін түсіне алмаған", - деді ведомстваның ресми өкілі Светлана Петренко.
Қылмыстық іс мәжбүрлеп емдеу шарасын тағайындау туралы ұсыныспен Бас прокуратураға жолданды.
Қарабалаев Ресейде 2014 жылдан бері заңсыз жүр, оның тұрғылықты баспанасы мен жұмысы жоқ. Қыркүйек айының басында ол Мәскеу маңындағы Памфилованың үйіне жасырынып кіріп, үй иесін ток соққыш құрылғымен құлатқан. Кейіннен ОСК басшысы оны бар күшімен тоқпақтап ұрып, қолына орындықты алып, оған ұрыса бастағанында қашып кеткенін айтты.
Жауап алу кезінде Қарабалаев кінәсін мойындады. Ол түнгі уақытта тұратын жерінің жанынан кездейсоқ үйге бас сұғып, ақша мен қымбат заттарды ұрлағысы келгенін айтты.
Памфилованың үйінде мемлекеттік күзет жоқ екені белгілі болды. Ол енді де күзетті қажет етпейтінін айтты.