Bek Air әуе компаниясы Алматыдағы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады

zakon.kz
Қазіргі уақытта біз оқиға орнында жұмыс істеп жатқан қызметтерден ресми ақпарат күтіп отырмыз.

Bek Air әуе компаниясы Алматыдағы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Құрметті қазақстандықтар, біз әуекомпания атынан қайғылы жағдайға байланысты барлықтарыңызға шын жүректен көңіл айтамыз. Қазіргі уақытта біз оқиға орнында жұмыс істеп жатқан қызметтерден ресми ақпарат күтіп отырмыз. Ал оған дейін біз сіздерден анонимді хабарламаларға мән бермеулеріңізді сұраймыз, өйткені олар алаяқтық сипатқа ие болуы мүмкін. Ресми ақпаратты күтулеріңізді сұраймыз, - делінген хабарламада.

Бүгін, 2019 жылғы 27 желтоқсанда, таңғы сағат 07:22-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы "Бек эйр " әуе компаниясының №Z2100 рейсіндегі Fokker-100 жолаушылар ұшағы Алматы әуежайынан ұшу кезінде Гүлдала және Әлмерек елді-мекендерінің арасында орналасқан, енді салынып жатқан екіқабатты құрылыс нысанына соғылды.

Құтқару жұмыстары бірден басталды, ұшақ өртенген жоқ. Әуе кемесінің жолаушылары мен экипажын эвакуацияланды. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметінің 40 бригадасы келіп жетті. Қазіргі уақытта қаза тапқандар саны – 15 адам. Зардап шеккендер – 12, оның алтауы - бала. ҚР Премьер-министрінің тапсырмасымен Премьер-министрдің орынбасары басқаратын Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамына ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Комиссия оқиға орнына аттанып кетті. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталады.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды