Әскери генерал жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді

zakon.kz
Биыл 31 қаңтарда күдіктіге қатысты үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікпен Қорғаныс министрлігінің Кадр және әскери білім беру департаментінің бастығы, ҚР Қорғаныс министрлігінің генерал-майорын әшкереледі, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қызметтік міндеті бойынша кәсіби даярланған әскери кадрларды іріктеу, оларды орналастыру, өз қатарларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және оны алдын ала ескертуі тиіс жоғары лауазымды шенді қол астындағылардан өз қамқорлығына алып, қызметі бабы бойынша көтерілуіне жағдай жасағаны үшін айтарлықтай мөлшерде жүйелі негізде пара алған деп күдікке ілінді", делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарламасында.

Күдікті кінәсін мойындап, қорғаушының қатысуымен іс жүргізу келісімін жасау туралы өтініш білдірді.

Биыл 31 қаңтарда күдіктіге қатысты үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Шымкенттің "Ордабасы" клубы Чемпиондар лигасына жолдама алды