Алматыда "барахолкада" тәртіпсіздік ұйымдастыруға шақырған арандатушылар анықталды

365info.kz
Біз барлығымен сөйлесіп, жағдайды егжей-тегжейлі зерттейтін боламыз.

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Алматыдағы "барахолкада" тәртіпсіздік ұйымдастыруға шақырған адамдарды анықтағандарын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Ұсталды" демей-ақ қояйын, бірақ бұл адамдардың кім екені анықталды. Біз барлығымен сөйлесіп, жағдайды егжей-тегжейлі зерттейтін боламыз, өйткені бұл хабарламалардың мазмұнына сәйкес кейбірінен әкімшілік құқық бұзушылық, кейбірінен қылмыстық құқық құрам анықталып отыр, - деп түсіндірді ол.

8 ақпанда таңертең Алматыдағы "барахолка" базары жабық болатыны белгілі болды. Ол жерге полиция, әскери күштерд тартылған. Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бұл шара қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданғанын түсіндірді, өйткені онда тәртіпсіздік ұйымдастыруға шақырған үндеулер болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында топ жарды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Дзюдошы Асқар Біржанов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы