Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздік: 25 қылмыстық іс қозғалды

Бауыржан Жуасбаев
Соңғы екі тәулікте ешқандай оқыс оқиға тіркелген жоқ.

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы тәртіпсіздік фактілері бойынша 25 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды zakon.kz baigenews.kz ресурсына сілтеме жасап.

Жаппай тәртіпсіздік фактілері бойынша 25 қылмыстық іс қозғалды. Атап айтқанда: жаппай тәртіпсіздікке шақыру, кісі өлтіру, бұзақылық, мемлекеттік қызметкерлерге күш қолдану, жекенің мүлкін бүлдіру, сондай-ақ заңсыз қару-жарақ өндіру және сақтау, - деді Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Сортөбе ауылында өткен арнайы баспасөз мәслихатынан кейін.

Оның айтуынша, соңғы екі тәулікте ешқандай оқыс оқиға тіркелген жоқ. Бизнес нысандары жұмысқа кірісті, балалар сабаққа барып жатыр.

Бүгіндері мамандар келтірілген шығын көлемін есептеп жатыр. Құрылыс материалдарына бюджеттен қаражат бөлінеді, үйлерді өз бетімен жөндеуге шешім қабылдаған адамдарға ақша да төленеді, - деді Сапарбаев.

7 ақпанда Жамбыл облысы Масаншы ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болып, салдарынан 10 адам қайтыс болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды