Қордай оқиғасы бойынша 90 қылмыстық іс қозғалды - ҚР ІІМ

Азаттық/Асылхан Мамашұлы
Бүгіндері жүздеген адамнан жауап алынды, осы іс-шараларға қатысушы әрбір адамның рөлін айқындауға бағытталған процедуралық іс-шаралар жүргізілуде, қажетті тексерулер жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Қордайдағы оқиғаларға байланысты 90 қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қозғалған қылмыстық істер өте көп, күн сайын үсті-үстіне қосылып жатыр, өйткені тергеу кезінде жаңа жағдайлар анықталып жатыр ... Шамамен әртүрлі эпизодтардағы 90-ға жуық қылмыстық іс болды", - деді Қожаев.

Оның айтуынша, бүгіндері жүздеген адамнан жауап алынды, осы іс-шараларға қатысушы әр адамның рөлін айқындауға бағытталған процедуралық іс-шаралар жүргізілуде, қажетті тексерулер жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.

"Барлық қажетті процедуралық дәлелдемелер алынғаннан кейін кінәлілер жауапқа тартылады", - деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары.

Бұған дейін Қордай аймағындағы тәртіпсіздік фактілері бойынша 25 қылмыстық іс тіркелгені хабарланған: кісі өлтіру, бұзақылық, мемлекеттік қызметкерге қатысты күш қолдану, бөтеннің мүлікін талқандау, сондай-ақ қаруды заңсыз өндіру және сақтау.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді