Есік қаласында мас күйде көлік ұрлап, екі жол апатын жасаған Өзбекстан азаматы ұсталды

24tv.ua
Күдіктінің ішімдік ішіп, бөтен көлікті ұрлап, жол бойындағы өзге екі көлікті соққаны белгілі болды.

Есік қаласында өзгенің көлігін ұрлап, екі жол-көлік оқиғасын жасады деген күдікке ілінген мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түнгі сағат 2:00 шамасында Еңбекшіқазақ ауданының полициясына Есік қаласындағы қос жол-көлік оқиғасы туралы хабар түсті. Сонымен қатар, тәртіп сақшыларына телефон шалған 19 жастағы жергілікті тұрғын "Фольксваген Гольф" маркалы көлігінің қолды болғанын жеткізген.

"Күдікті азамат оқиға орнында қолға түсті. Ол Еңбекшіқазақ ауданында тіркеуде тұрған Өзбекстан елінің 34 жастағы азаматы болып шықты. Күдіктінің ішімдік ішіп, бөтен көлікті ұрлап, жол бойындағы өзге екі көлікті соққаны белгілі болды. Нәтижесінде көлік жүргізушілері дене жарақаттарын алып, автокөліктерге айтарлықтай нұқсан келген", - деді Еңбекшіқазақ ауданы Полиция басқармасының тергеушісі полиция лейтенанты Мақсат Жақсылықов.

Қазіргі уақытта күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды. Қолданыстағы қылмыстық заңнаманың 200-бабының 1-тармағымен қатар осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 2-тармағына және ҚР ӘҚбК 608-бабына сәйкес іс қозғалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады