Алматы облысында мас мотоцикл жүргізушісі ұсталды

ural-meridian.ru
Мотоцикл айып тұрағына қойылды. Күдікті азамат мекенжайын өзгерпеу туралы қолхатпен босатылды.

Карантин режимінің сақталуын учаскелік инспектордың тексеру барысында, көлік құралын басқару құқығынан айырылған масаң күйдегі мотоцикл жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 сәуір күні сағат 23.30 шамасында Ұйғыр аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы өзі қызмет көрсететін Шонжы ауылындағы учаскені аралап жүріп, көшелердің бірінен мас мотоцикл жүргізушісін байқаған.Тәртіп сақшысы күдікті азаматты бірден куәландыруға жеткізген. Куәландыру күдіктінің мастықтың орташа дәрежесінде екендігін көрсеткен. Ұсталған азаматтың жеке басын тексеру барысында 36 жастағы Шонжы тұрғынының 2019 жылдың қараша айында дәл осындай құқық бұзушылығы үшін үш жыл мерзімге жүргізуші құқығынан айырылғандығы анықталды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес (басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) СДТБТ-де тіркелді.

Мотоцикл айып тұрағына қойылды. Күдікті азамат мекенжайын өзгерпеу туралы қолхатпен босатылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс