Қостанай облысында кісі сүйектері салынған қап табылды

alau.kz
Болжам бойынша, қаптағы кісі сүйектері 2014 жылдың қарашасынан бері хабар-ошарсыз кеткен 1982 жылғы жергілікті тұрғынға тиесілі болуы мүмкін.

Қостанай облысында кісі сүйектері бар қап табылды, деп хабарлайды zakon.kz alau.kz басылымына сілтеме жасап.

26 сәуірде Белоглинка ауылының тұрғыны Қарабалық ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторының телефонына қоңырау шалып, қора-жайды тазалау кезінде кісі мүрдесінің қалдықтары бар жылтыр қап тапқанын айтты. Болжам бойынша, қаптағы кісі сүйектері 2014 жылдың қарашасынан бері хабар-ошарсыз кеткен 1982 жылғы жергілікті тұрғынға тиесілі болуы мүмкін.

Қарабалық ауданының полицейлері адам сүйектерінің табылуына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Бұл туралы ақпаратты Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі де растады. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді