Алматыда салынып жатқан мектепте газ баллоны жарылған

zakon.kz
Өрт түтіні мен өрттің пайда болуын қаладағы автоматты бақылауға арналған Алматы қаласының ТЖД жылу өлшегіш камерасынан анықталды.

Алматыдағы құрылыс алаңында болған өртті ТЖД-ның жылу өлшегіш құрылғысы анықтаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Алдында сағат 13.55-те ТЖД күштері мен техникалары Медеу ауданындағы Сағадат Нұрмағамбетова көшесі, 150 үйдегі өртті сөндіруге аттанғаны хабарланған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін мұнда газ баллоны жарылып, салынып жатқан мектептің төбесі жанып жатқан. Өрт сөндіру құрылғысының бірі шатырдағы өртке, екіншісі салынып жатқан ғимарат маңындағы өртті сөндіруге бағыттталды. Қабылданған шаралар бойынша өрт сағат 14:14-те сөндірілді. Өрттің көрші ғимаратқа ұласу қаупі жойылды.

Өртті сөндіруге 17 адам, 4 техника жұмылдырылды.

Айта кету керек, өрт түтіні мен өрттің пайда болуын қаладағы автоматты бақылауға арналған Алматы қаласының ТЖД жылу өлшегіш камерасынан анықталды, деп хабарлады қаланың ТЖД баспасөз қызметі.

Өрттің аумағы нақтылануда.

Бұл жаңадан қолданысқа енгізіліп жатқан жоба екен, ол қаладағы өрт немесе түтін туралы мәліметтерді автоматты түрде Алматы қаласы ТЖД диспетчерлік бөліміне жібереді екен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда