Алматыда полиция көшеде қызға тиіспек болған жігітті іздестіріп жатыр

Шамамен ол 20-25 жаста.

Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында бойжеткенге бір жігіт тұтқиылдан тап берген. Полиция оның жеке басын анықтау үшін қазір тексеру жүргізу жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Жақында Шырын Мусина әлеуметтік желілерде сағат 23:00-де әл-Фараби даңғылында үйіне қайтып келе жатқан кезде өзіне ер адамның тап бергені туралы жазба жариялады. Ол шамамен 20-25 жаста, арықтау келген, бойы шамамен - 175 см.

Қыз өзіне тиіспек болған жігіттің қолынан сытылып шығып, қашып кеткен. Ол бірден полицияға арыз жазған.

Құқық қорғау органындағылар қазір қаскөйді іздестіруде.

Қазіргі уақытта тексеру шаралары жүргізілуде, оның жеке басы да, басқа да мән-жайлары анықталуда. Ер адам міндетті түрде ұсталады. Оның іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі, содан кейін әрі қарай заңға сәйкес шаралар қабылданатын болады, - деді Алматы қалалық ПД.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: