СҚО-да астық қоймалары отқа оранды

ҚР ІІМ ТЖК
Жалпы көлемі 1100 шаршы метрді құрайтын 4 қойма отқа оранды.

Солтүстік Қазақстан облысындағы қоймаларда алапат өрт болды, деп хабарлайды zakon.kz.

12 маусым сағат 05:36 уақытында Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Кондаратовка ауданында "Нұр Астық LTD" ЖШС аумағында жалпы көлемі 1100 шаршы метрді құрайтын 4 қойма отқа оранды, - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Өрт сағат 7.29-да ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД күштері мен құралдары, аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы, 46 адамнан тұратын ерікті өрт сөндіру топтары мен 12 техника жұмылдырылды.


Интернеттегі мәліметтерге сүйенсек, "Нұр компаниясы Астық LTD" ЖШС астықты қоймаға орналастыру және сақтау, ұн өндіру, астық, тұқым және мал азығын көтерме саудаға шығарумен айналысады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

2025-2026 оқу жылы: Оқушылардың білім алу уақыты мен демалыс кезеңі белгілі болды