Маңғыстау облысында бір әйел екі несиесін жабу үшін жаңа туған сәбиін сатқан

polisia.kz
Маңғыстау облысының полициясына бір әйел біреуден баласын ала алмай жүргеніне арызданған.

Маңғыстау облысында бір әйел екі банктегі несиесін жабу үшін жаңа туған сәбиін сатпақшы болған, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ІІМ ресми сайтының хабарлауынша, Маңғыстау облысының полициясына бір әйел біреуден баласын ала алмай жүргеніне арызданған.

Мамыр айында арызданушы әйел өзінің туған ұлын бейтаныс әйелге асырап алуға берген, оның орнына ол екі банктегі 907 мың теңге көлеміндегі несиені жауып беруге келіскен, бірақ ақырында бала алған әйел уәдесін орындамаған. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы, яғни "Адам саудасы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Екі тарап та тергеу аяқталғанша ешқайда кетпеу жөніндегі кепілхатпен босатылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды