Полиция қаптап кетті. Алматыда ер адам пәтерінің терезесінен оқ атқан

zakon.kz
Оқ жаудырушыны полицияның арнайы жасағының жауынгерлері залалсыздандырды.

Алматыда есірткіге еліткен ер адам учаскелік полиция қызметкеріне оқ атты, деп хабарлайды zakon.kz.

Б- елгілі болғандай, бір әйел "102" басқару пультіне хабарласып, күйеуімен ұрсысып, отбасындағы жанжалға байланысты өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтқан. Дабыл бойынша оқиға орнына бірінші болып учаскелік инспектор, полиция аға лейтенанты Фархат Режапов жеткен. Жанжал болған үйдің ауласында (ескерту: Әуезов - Қарасай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан) полиция қызметкеріне оқ атылған, қоңырау шалған әйелдің күйеуі екінші қабаттағы пәтердің терезесінен оқ жаудырған. Учаскелік полиция қызметкері кері шегініп, оқтан ығып үлгерді, ол зардап шеккен жоқ, - деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Оқ жаудырушыны полицияның арнайы жасағының жауынгерлері залалсыздандырды.

- Ұсталған азамат 1983 жылы туылған В деген азамат болып шықты. Оның атында тіркелген аңшы мылтығынан оқ атылғаны анықталды. Қылмыс жасау кезінде В. есірткіге елітіп, мас күйінде болған. Ол ұсталып, Алмалы ауданының полиция бөлімшесіне жеткізілді, - дейді полициядағылар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

Түркі әлемінің әуені мен Димаштың өнері: Тоқаев Түркияда концерт тамашалады

Астанада екінші әуежай құрылысы басталады