Полиция рота командирі өз қоластындағылардан жүйелі түрде пара алып отырған

zakon.kz
Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізілді.

Атырауда патрульдік полицияның рота командирі қоластындағы қызметкерлерінен жұмысын алаңсыз істеуі үшін ақша алып отырған, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мой город" басылымының бойынша, қазіргі уақытта Атырау облысы ПД патрульдік полициясының рота командиріне қатысты қол астындағы қызметкерлерінен өзінің қолдауы мен қамқорлығы үшін 5 мыңнан 70 мың теңгеге дейінгі мөлшерде жүйелі түрде ақша жинап, пара алу фактісі бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Сот оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы ретінде санкциясын берді, - дейді Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіндегілер.

- Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Пара алды деп күдікке ілінген полиция қызметкері теріс қылығы үшін ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметінің басшылығы қызметінен босатылды, деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Сарбаз жолы": БҚО-да 20 жас абыройлы борышын өтеуге аттанды