Парашюті ашылмай қалған сарбаз Ақтаудағы ауруханада көз жұмды

lada.kz
Оқыс оқиға жоспарланған парашютпен секіру жаттығуы кезінде болған.

Парашюті толық ашылмағандықтан, құлап жарақат алған әскери қызметкер Маңғыстау облыстық ауруханасында қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

- Мұратжан Жамауов кеше, 1 қыркүйекте Маңғыстау облыстық ауруханасында қайтыс болды. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ кеше, 1 қыркүйекте Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде науқас қайтыс болды. Марқұмның отбасына көңіл айтамыз, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ақтауда парашюті толық ашылмағандықтан әскери қызметкер зардап шекті. Оқыс оқиға жоспарланған парашютпен секіру жаттығуы кезінде болған.

Жарақат алған парашютшінің әріптестері секіру сәтін видеоға түсіріп алған. Видеоны әскери қызметкердің анасы Күлжахан Жамауова ұсынды. Ол ұлының жерден берілген бұйрықтарды ести алмағанын, өйткені төменде дауыс зорайтқыш болмағанын айтты.

Кейіннен ақтаулық тәуелсіз сарапшы жарақат алған парашютші сарбаз жерден айғайлап берілген бұйрыққа жауап бермеді деген ақпарға түсініктеме берді. авиациялық техникалық спорт клубының (АТСК) бұрынғы аға десантшы нұсқаушысы Алексей Оскин, тіпті адамның мегафонмен айтқан сөздері жерден 100-150 метр қашықтықтан ғана ести алатындығын айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек