Ескелді ауданында тапа-тал түсте 52 жастағы әйелге мас қарақшы тап берді

Depositphotos
Полицейлер күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатысы барын тексеруде.

Ескелді ауданында тапа-тал түсте аудан орталығының көшесінде ауыр дене жарақатын салып, адам тонаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 қыркүйекте Ескелді ауданында шамамен сағат 15:30 шамасында үйіне келе жатқан жолда 52 жастағы әйелге белгісіз біреу шабуыл жасап, қолындағы сөмкесін алып қашуға әрекет еткен. Сөмкені жібермейтінін түсінген күдікті азамат алдын ала дайындап алған таспен әйелдің басынан соққы жасаған. Дегенмен, зардап шегуші әйел ішінде қомақты қаржы бар қол сөмкесінен айырылмай, өзгелерді көмекке шақырған. Күдікті оқиға орнынан із суытуға тырысқан.

"Күдікті бой тасалауға тырысқанымен, көшедегі куәгер азаматтардың көмегімен ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Тексеру барысында күдіктінің бұған дейін адам өлтіру, ұрлық деректері бойынша бірнеше мәрте сотталған 44 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды. Оқиға орнынан күдікті пайдаланған тас тәркіленіп, іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелді. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің баптарына сәйкес кісі тонауға оқталу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Ескелді ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Жанат Құдайбергенов.

Зардап шегуші өзіне жасалған шабуыл кезінде алған дене жарақатымен дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Алдын ала тергеу барысында күдіктінің ішімдікке сылқия тойып алып, қылмыс жасағаны белгілі болды. Полицейлер күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатысы барын тексеруде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты