Щучье қаласында полиция қызметкерлері жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 қазанда Щучье қаласында Абылайхан - Сейфуллин көшелерінің қилысында "Мебелин" дүкенінің маңында Абылайхан көшесімен жүйткіп келе жатқан Lexus NX20 автокөлігінің жүргізушісі Сейфуллиннен Абылайхан көшесін қиып өткен Бурабай аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция бөлімінің Lada-21214 қызметтік автокөлігімен соқтығысқан.
<!--Quote2Begin-->
<!--Quote2EBegin-->- Лада қызметтік көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы - Бурабай аудандық полиция департаментінің ОМПС учаскелік полиция инспекторлары алған жарақаттарынан жол-көлік оқиғасы орнында қайтыс болды. Қайтыс болған қызметкерлер кезекшілікте болған және жол-көлік оқиғасы болған кезде оқиға орнынан қайтып келе жатқан, - делінген хабарламада.<!--Quote2End-->
<!--Quote2EEnd-->
Lexus жүргізушісі бұрын ҚР Қылмыстық кодексінің 200, 346-баптары бойынша сотталған, 2022 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған Шучинск қаласының 25 жастағы тұрғыны болып шықты.
<!--Quote2Begin-->
<!--Quote2EBegin-->- Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі, яғни "Көлік құралын басқарған адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалып, ол қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр, - дейді полициядағылар.<!--Quote2End-->
<!--Quote2EEnd-->