Алматыдағы банк бөлімшесінің тоналуы. Полициядағылар түсініктеме берді

polisia.kz
Тергеу барысы Алматы қаласының полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.

Бейсенбі, 15 қазан күні Алматыда екі қарулы қарақшы Kaspi.kz филиалына шабуыл жасап, тонап кетті. Қылмысты арнайы тергеу тобы зерттеп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

- Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы, 3-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Арнайы тергеу-жедел тобы құрылды, олардың мақсаты қылмысты ашуға және күдіктілерді қамауға алуға бағытталған. Тергеу барысы Алматы қаласының полиция департаменті басшылығының бақылауында, делінген хабарламада.

Kaspi.kz хабарлағандай, алдын ала мәліметтер бойынша белгісіз адамдар кассирді қарумен қорқытып, банк бөлімшесінен шамамен 2 миллион теңгені алып кеткен. Қызметкерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Полиция дабыл белгісі қосылған соң көп ұзамай оқиға орнына жетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді