Алматы соты тиктокшы бозбалаға айыппұл салды

видеодан алынды
Ол полиция қызметкерінің киімін заңсыз пайдаланған.

Алматылық блогер Нұрбек Нұртазаға ТикТокта полиция формасын киіп, видео жариялағаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қараша айында Интернетте полиция формасын киген ер адам жанынан өтіп бара жатқан адамдарды TikTok-қа түсіп, бірге билеуге шақыратын видео пайда болды. Ол полиция қызметкері болмай шықты. Оған қатысты полиция формасын заңсыз кигені үшін әкімшілік іс қозғалды.

Сот отырысы қашықтықтан өткізілді. 20 желтоқсанда мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот отырыс өткізіп, онда Нұрбек Нұртаза кінәлі деп танылды. Одан арнайы формасы тәркіленіп, 13 890 теңге айыппұл салынды.

Сот Нұртазаның видеоны тек желідегілердің көңілін көтеру үшін түсіргенін ескерді. Сонымен қатар, ол жасаған ісіне өкінетінін айтты.

22 шілдеде Алматы әкімшілік соты әнші әрі актер Кенталға полиция формасын заңсыз кигені үшін айыппұл салған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қайрат" пен "Астана" бапкерлері сөзге келді

Тоқаев кореялық компанияларды Қазақстанда өндіріс орындарын ашуға шақырды