Сайт арқылы танысқан ер адам теміртаулық келіншекті тонап кетті

иллюстрация үшін алынды
Күдікті кінәсін мойындап, ұрланған заттар иесіне қайтарылды.

Қарағандыда тәртіп сақшылары танысының құны шамамен 1 миллион теңге тұратын мүлкі мен ақшасын үптеп кеткен ұрыны ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, өткен жылдың 27 желтоқсанында Теміртау қаласының Шығыс полиция бөліміне 49 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген.

"Жәбірленуші әйел өз мәлімдемесінде жақын танысып, көңіл қосан ер адамның пәтерінен күзен ішігі мен құны 600 мың теңгеден асатын алтын бұйымдарын алып кеткенін және оның ұялы телефонындағы банк қосымшасын пайдаланып, белгісіз шотқа 200 000 теңгеден астам ақша аударып алғаны туралы айтып шағымданды. Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері мән-жайды нақтылау кезінде жәбірленуші әйелдің бұл адаммен танысу сайтында танысқанын анықтады. Әйелдің жүрегіне жол табуды шебер меңгерген күдікті оның сеніміне кірген. 20 қаңтарда Теміртау қаласының полицейлері осы қылмысты жасаған 48 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті кінәсін мойындап, ұрланған заттар иесіне қайтарылды" делінген Қарағады облыстық ПД хабарламасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды