Алматыда екі автобустың ортасында қалған жеңіл көліктің быт-шыты шықты

kaztag.kz
Зардап шегушілер туралы мәлімет жоқ.

Алматыда екі автобус және бір жеңіл көліктің қатысуымен жол апаты орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жол апаты туралы видео Kris.p.almaty | Official парақшасында жарияланды. Оқыс оқиға Төле би көшесінде орын алған. Видеода такси көлігі екі жолаушылар автобусының арасында қалып қойғаны байқалады. Оның үстіне, артқы жағынан келген автобус қатты соққы жасаған, салдарынан көлік бүктеліп кеткен.

Бұл төтенше жағдайда қай тарап кінәлі екені тексеріліп жатыр.

№201-бағытқа қызмет көрсететін "Алматыэлектротранс" хабарлағандай ("гармошка, алдындағы автобус), бұл апатқа олардың жүргізушісі кінәлі емес. Жол апаты Тілендиев көшесіне жетер-жетпес орын алған. Соңғы автобус бар екпінімен келіп, таксиді соққан, салдарынан ол ұшып, бар инерциясымен 201-ші автобусқа соғылған.

Зардап шегушілер туралы мәлімет жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от СМИ zakon.kz (@zakon.kz)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды