Тапанша ұстап, қоқаңдаған леңгірлік жігіттер ұсталды

видеодан алынды
Сөйтсе олардың қолындағы тапанша ойыншық болып шықты.

Түркістан облысының тәртіп сақшылары тапанша ұстап, желіге видео жариялаған жігіттерді анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Түркістан облысы ПД қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде “Instagram” қолданушыларының бірінің парақшасында жарияланған видеоға назар аударды. Онда жас жігіт қолына екі бірдей тапаншаны ұстап, боғауыз сөздерді айтқан. Сондай-ақ видео сыртында басқа да азаматтардың дауыстары естіледі.

Polisia.kz мәліметі бойынша, Төлеби аудандық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері видеоны түсірген жігіттердің Төлеби ауданы Леңгір қаласының жергілікті тұрғындары екенін анықтады. Олар ойыншық тапаншаны ұстап, “ВАЗ 21014” маркалы көлігінің артқы жағында тұрып видеоны түсірген. Содан соң желідегі жеке парақшасына жариялаған. Полиция қызметкерлері үш жігітке де түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алдағы уақытта мұндай жағдай кезекті рет қайталанбасы үшін уәделерін алды.

Жергілікті тұрғынның парақшасындағы бұл видео өшірілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды