Талдықорғанда жекеменшік үйдің бірінен екі адам өлі табылды

иллюстрация үшін алынды
Қазір аталған дерекке сай қылмыстық іс қозғалды.

Талдықорғандағы жекеменшік жер үйлердің бірінен 60 жастағы әйел мен 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Одан бөлек ес-түсінен айырылған тағы екі бала ауруханаға жөнелтілді, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Оқыс жағдай түскі уақыттар шамасында болған. Төтенше жағдайлар департаментінің алғашқы болжамына сай, отбасы мүшелерінен ыстан уланған болуы мүмкін. Қазір аталған дерекке сай қылмыстық іс қозғалды.

Ерлан АХАШОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Департаментке Абай көшесіндегі жекеменшік үйлердің бірінде 1960 жылы туған әйел мен 1985 жылы туған ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына мамандар дереу жетіп, тағы ес-түссіз жатқан екі баланы үйден шықты. Олар 13 және 8 жаста. Қазір бұл оқиға бойынша сараптама жұмыстарын бастадық.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады