Мектепті ойрандаған қандықол бозбала жайлы тың мәлімет жарияланды

"Менің өз сектам бар" деген ол колледжде бірге оқитын достарына.

Қазан қаласындағы мектепте атыс ұйымдастырған Ильназ Галявиев жайлы жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мектеп оқушыларын атқылаған бозбала колледжде бағдарламашы (програмист) мамандығында оқыған және әкімшіліктің мәлімдемесіне сүйенсек, жыл басында ол оқу үлгерімі нашар болғандықтан оқудан шығып кеткен.

Қандықол бозбала оқыған топтың старостасы kp.ru-ға кейбір мәліметтермен бөлісті.

Онымен бір сөйлескенімде: "Менімен жүр, менің өз мазхабым бар, мен сектаға тартушымын", - деді. Мұндай нәрсені осылай ашықтан ашық айтып тұрғандықтан, біз онысы әзіл екен деп ойладық, - деді Роберт Сибгатуллин.

Оның сөзіне қарағанда, Галявиев өте жақсы оқыған.

Ол компьютерлерді жақсы біледі, тіпті қолынан келмей жатқан балаларға ол көмектесіп, көрсетіп жіберетін. Ол шынымен де тыныш, сабырлы бала болатын. Интернетте, расында қопаңдап, өзінше болып отыратын, бірақ өмірде ол тыныш болатын. Кейде біздің чаттарда да мінез көрсетіп қоятын. Әзілдеген секілді дөрекі қылық танытатын, бірақ қазір мұнысы әзіл болмаған түсініп жатқан сияқтымыз, - деп атап өтті Сибгатуллин.

Сондай-ақ, ол Галявиевтің алкогольге, темекіге, есірткіге тіпті сөзсіз жоқ болғанын айтады.

Ол өз отбасы туралы ешқашан сөз қозғамапты.

Шамамен 3 жыл бұрын әкесімен қатты ұрсысып қалғанын айтты. Енді мен үшін әкем жоқ дегенге келтірді, - деп еске алады Роберт.

Бұған дейін Қазан қаласының тұрғыны Наталья Андреева 2020 жылы өз-өзіне қол жұмсаған баласы өмірінің соңғы жылында Галяевиев айтқан сөздерді айтып жүргенін жеткізген еді. Ол да өзін құдіретті Құдай екендігі және айналасындағыларды басқара алатындығы туралы сөз еткен. Сонымен бірге Данила Андреев те тура сол "Тисби" колледжінде сол мамандық бойынша оқыпты, бірақ одан бір жасқа үлкен болған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: