Арнайы операция. Жарылғыш заттар мен қару-жарақ тәркіленді

ҚР ҰҚК
Жасырын цех ұсталғандардың бірінің жеке үйінде болған.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Көкшетауда қару өндіретін жасырын цехтың жойылғанын жария етті, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылғы 15 сәуірде Көкшетау қаласында ҚР ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті атыс қаруы мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды заңсыз жасауға және оларды өткізуге қатысы бар қылмыстық топты жойды. Топтың үш қатысушысы қару мен ҚЖҚ-ның кезекті партиясын сату кезінде ұсталды, делінген құзырлы орган хабарламасында.

Жасырын цех ұсталғандардың бірінің жеке үйінде болған.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан 7 жауынгерлік пистолет, 96 қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, 80 патрон, сондай-ақ қару-жарақты модификациялау мен жасауға арналған құралдар алынды. Тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде.

Осы жылдың мамыр айында Ресей Федерациясының Қазан қаласында болған қайғылы оқиға қаскүнемдердің қолындағы атыс қаруы ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін екенін көрсетті.

Осыған байланысты қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл ҚР арнаулы және құқық қорғау органдарының басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті