Түркістан облысында тауда жоғалған жетеудің үшеуі табылды

видеодан алынды
Қазіргі кезде Апаттар медицинасы орталығының психологтары жоғалғандардың туыстарына психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

Түркістан облысының құтқарушылары жоғалған жеті туристің үшеуін тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін, 28 мамырда Сайрамөгем шатқалында Қазәуеқұтқару тікұшағымен әуе шолуы кезінде жоғалған жетеудің үшеуі табылды. Жағдайлары қанағаттанарлық деңгейде. Басқа туристерді іздеу жалғасуда, - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Қазіргі кезде Апаттар медицинасы орталығының психологтары жоғалғандардың туыстарына психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметі күзетіндегі атты патруль, ұлттық парктің қызметкерлері және жоғалып кеткендердің туыстары, сондай-ақ "Қазәуеқұтқарудың" екі тікұшағы жұмылдырылған.

Төлеби өңіріндегі Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жеті адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама 112 басқару пультіне 2021 жылы 25 мамырда сағат 18.30-да түсті. 21 мамырда туристер Сары-Айғыр шатқалына жаяу барып, 24 мамырда оралуы керек болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Киілген киімді басқа біреуге беруге неге болмайды?

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді