Нұр-Сұлтанда дизель отыны заңсыз сатылып келген

pixabay.com
Дизель отынын елорда аумағында заңсыз сату фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды.

Нұр-Сұлтанда 14 миллион теңгенің дизель отыны заңсыз сатылған, деп хабарлайды zakon.kz.

Дизель отынын елорда аумағында заңсыз сату фактісі бойынша қылмыстық іс жабылды.

Экономикалық тергеулер департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында елордалық екі тұрғынның құны 14 миллион теңгеден асатын 70 тоннадан астам дизель отынын заңсыз тасымалдау және сату фактілерінің алдын алды. Сату ісі олардың шығу заңдылығын дәлелдейтін құжаттарсыз жүзеге асырылды. Қылмысты ұйымдастырушылар 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлады ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды күмәнді сауда нүктелері арқылы жанар-жағармай сатып алудан бас тартуға шақырады. Заңсыз жанар-жағармай құю бекеттері, оның ішінде заңсыз сатылатын дизель отыны жарылғыштық қаупі жоғары зат болып табылады және адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі