Алматыдағы BMW бетон бағананы соғып құлатты

zakon.kz
Адамдар аман-есен.

Алматыда тағы жол бір апаты болды: BMW X5 автокөлігі бетон бағананы соғып құлатты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқиға Навои – Тоқтабаев көшелерінің қиылысында болды.

Куәгерлердің айтуынша, Навои көшесімен солтүстік бағытта жүрген бұл BMW X5 жүргізушісі алдында келе жатқан Toyota Land Cruiser Prado-ны озу үшін қарсы жолаққа шыққан. Сол сәтте Prado да бұрыла қалып, екеуі соғылыпты. BMW X5 екі бетон бағанды соғып, арықтан секіріп, тротуарға ұшып кетті.

Бағаналар жолға құлап түсті. Бір бағана Toyota Land Cruiser Prado көлігін жапырды.

Адамдар аман-есен. Полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

BMW X5 жүргізушісінің айтуынша, Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі бұрылу сигналын қоспаған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды