Үйді тінту кезінде табылған хатта Пермьде қарумен сойқан салған бозбала мысығының болашағына алаңдаушылық білдіріпті, деп хабарлайды zakon.kz.
Жараланып, ұсталған Тимур Бекмансұровтың үйіне тінту жүргізілді.
Тінту кезінде қару сақталған сейф пен хат табылды.
Сейфтің кілті тек бозбаланың өзінде болған. Әрине, аңшы мылтығын сатып алуға І-курс студентінің өз ақшасы жетпесі анық, оған әкесі "көмектесіпті". Ал қару сатқан дүкен сатушысы ештеңеден күдіктенбеген. Ол қазір аң аулау науқаны екенін, көп оқ-дәріні аң аулауға баратын бір топ адамға осылай сатып алына беретінін айтыпты. Тимурдың әке-шешесі ажырасып кеткен. Бозбала анасымен бірге тұрады.
Құқық қорғау органдары қолмен жазылған хатты да тапты. Онда бозбала мысығының болашағына алаңдаушылық білдіріпті.
Егер анама алда-жалда бірдеңе бола қалса, онда менің мысығымды туыстарыма беріңіздер. Енді мысықтың бұл арада ешқандай жазығы жоқ, - делінген хатта.
20 қыркүйекте Пермь мемлекеттік университетінде І-курс студенті айналысына оқ жаудырып, алты адамды өлтірді. 28 зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінді, олардың кейбіреулері түрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.