Дәрігерлер көпірдегі жол апатынан аман қалған жалғыз қыздың жағдайы туралы айтты

pexels.com
Айта кетсек, 30 қыркүйекке қараған түні елордада жол апатынан бес адам қаза тапты.

Дәрігерлер Нұр-Сұлтандағы көпірдегі жол апатынан аман қалған жалғыз қыздың жағдайына қатысты мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Академик Батпенов атындағы травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығы зардап шегушіні жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырғалы жатқандарын жеткізді.

Қыздың жағдайы тұрақты. Бүгін оны палатаға ауыстыру жоспарланып отыр, - дейді дәрігерлер.

Айта кетсек, 30 қыркүйекке қараған түні елордада жол апатынан бес адам қаза тапты.

Ол кезде 19 жастағы Toyota Camry жүргізушісі Есіл өзенінің бойымен Сарайшық көшесіне қарай жүйткіп келе жатып, қарсы жолаққа шығып Nexya Ravon көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Қос жүргізуші де, үш жолаушы да оқиға орнында көз жұмды. Toyota Camry көлігінің бір жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Кейінірек дәрігерлер науқастың омыртқасы сынғанын және травматикалық шок болғанын хабарлады.

Оған шұғыл ота жасалды, - деп нақтылаған медициналық мекемедегілер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады