Алматы облысында босану кезінде әйел мен сәби қайтыс болды

pixabay.com
Қазір Кербұлақ ауданының орталық аудандық ауруханасын тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Алматы облысында босану үстінде әйел мен сәби қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әйел 1 қазанда перзентханаға түскен.

Босанған әйел жүктіліктің 41 аптасынан 1 күн асқан. Алдыңғы жүктілікпен арасы – 10 жыл. Ауруханада дәрігерлердің қатаң бақылауында болды. 7 қазанда толғақ басталды, - деп хабарлады ведомстводан.

Ауырсыну, бас айналу және әлсіздік туралы шағымдарға байланысты әйелге шұғыл түрде ота жасады.

Операция кезінде жүрек қызметінің үш рет тоқтауы тіркелді. Үшінші рет тоқтағанда реанимациялық шаралар нәтиже бермей, науқас қайтыс болды. Бала өлі туылды, - делінген хабарламада.

Қазір Кербұлақ ауданының орталық аудандық ауруханасын тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматыда қаза тапқан полиция қызметкері жеті баланың әкесі болған