Көлік сатып алмақшы алматылық жігіт пышақталып, 10 млн теңгесінен айырылды

pixabay.com
Көлік сатып алушы мен сатушының кездесуі, ақша беру процесі Есік қаласында болған.

Есікте көлік сатып алмақшы болған жігітке қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Еңбекшіқазақ аудандық ПБ кезекші бөліміне аудандық ауруханаға арқасына пышақ сұғылған Алматы қаласының 33 жастағы тұрғыны келіп түскені туралы хабарлама түсті. Полициядағылар бұл фактіні тіркеп, іздеу шараларын бастады.

Көлік сатып алушымен кездескен күдікті суық қару қолданғаны белгілі болды. Ол жәбірленушінің Toyota Camry 70 автокөлігін сатып алуға арналған шамамен 10 миллион теңге көлеміндегі ақшасын алып алған, - дейді Еңбекшіқазақ аудандық ПБ бастығы Жақсылық Алтынбаев.

Көлік сатып алушы мен сатушының кездесуі, ақша беру процесі Есік қаласында болған.

Ер адамды тез анықтап, ұстау мүмкін болды. Оны куәгерлер де, жәбірленуші де таныды. Ол Есік қаласының 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы, 4-бөлігі, 1-тармағы. "Қарақшылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам қылмысын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - дейді Жақсылық Алтынбаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды