Тоқаев Қарағанды облысында қаза болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтты

akorda.kz
Мемлекет басшысы Үкіметке шахтерлардың отбасыларына көмек көрсету жөнінде тапсырма берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы "Абай" шахтасында метан газының жарылуы салдарынан қаза тапқан шахтерлардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Үкіметке шахтерлардың отбасыларына көмек көрсету жөнінде тапсырма берді. Болған оқиғаның анық-қанығын анықтау мақсатында үкіметтік комиссия құрылды. Министр Юрий Ильин бастаған Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері апат болған жерде тиісті жұмыстарды жүргізуге кірісті, делінген Ақорда хабарламасында.

Бұған дейін Абай қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-қа тиесілі шахтада кеншілердің метан газынан уланғаны белгілі болған еді. Қайтыс болғандардың тізімі де жарияланды. Оған қоса Қарағанды облысында кеншілердің улану фактісі бойынша тергеу басталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты