Шымкенттік алаяқ шала танысын 3,5 млн теңгеге "лақтырды"

Zakon.kz
Ол арзан бағаға көлік әперем деген уәде беріп, 3,5 млн теңге алды.

Түркістан облысында полицейлер біреуді алаяқтық жасап кеткені үшін ұстап алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келес АПБ кезекші бөліміне алаяқтықтың құрбаны болған жергілікті тұрғын жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, автокөлік сатумен айналысатын бір танысы Алматыдағы ломбардтарының бірінен Hyundai Elantra автокөлігін 3,5 миллион теңгеге сатып алуға көмектесетініне сендірді. Көлікті төмен бағаға сатып алу мүмкіндігіне мәз болған жас жігіт алаяққа екі миллион теңгені қолма-қол ақшамен берді, ал қалғанын мобильді қосымша арқылы аударды, деп жазады ҚР ІІМ сайты.

Алайда, бес ай өтті, не көлік, не ақша жоқ.

Полицейлер күдіктіні Шымкентте ұстады. Ол сол қаланың тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай, алаяқтық жолмен алынған жәбірленушінің ақшасын алаяқ өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Келес АПБ ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысты анықталуда.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады