Павлодар облысында полицей итке оқ атты

pixabay
Мәселені реттеуге ауылдың учаскелік полиция инспекторы Талғат Смақов жіберілді.

Павлодар облысында көшеде алабай ит әйел мен балалды тістемек болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

17 қараша күні сағат 20:20-да полицияға Шарбақты ауданының Александровка ауылының тұрғындары байланбаған әрі тұмылдырықсыз алабай итінің көше кезіп жүргенін айтып, хабарласқан, - деп хабарлады Павлодар облысының ПД.

Мәселені реттеуге ауылдың учаскелік полиция инспекторы Талғат Смақов жіберілді. Ол иттің қабаған екенін, өтіп бара жатқан адамдарға, оның ішінде балаларға жүгіретінін байқаған.

Ит адамдарды қауып алмасын деген учаскелік инспектор табельдік травматикалық қаруды пайдаланған. Себебі анасы балаларын жауып тұрған кезде, ит оның қолын тістеп алған. Оқ атылған соң, ит белгісіз жаққа қашып кеткен.

Ауыл тұрғынын қапқан итті серуендету ережелерін бұзғаны үшін ит иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК – нің 408-бабы, 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, - деп толықтырды ведомстводан.

Дайана Тоқберген

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады