Ақтөбеде жұмысшылар мінген автобус жол апатына ұшырады - қаза болғандар бар

Сурет: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі
Темір қаласының маңындағы Покровка – Жаңажол тас жолында ауыр жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz

17 желтоқсанда сағат 18:45-те ПАЗ маркалы автокөлігінің 59 жастағы жүргізушісі мұнай компаниясының вахта бойынша жұмыс істейтін 12 қызметкерін алып, Жарқамыс кенті жағынан Ақтөбе қаласына қарай бағыт алып келе жатады.

Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Тас жолдың 13-ші шақырымында жүргізуші жол жиегінде тұрған Камаздың жартылай тіркемесін көрмей қалған көрінеді.

Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жолаушы оқиға орнында көз жұмып, үшеуі Қандыағаш қаласының орталық ауруханасына түрлі дене жарақаттарымен жеткізілді.

Жол апатына байланысты тергеу амалдары қолға алынды.

Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді