Шымкентте қоқыс жәшігінен әйелдің денесі табылды

Сурет: otyrar.kz
Шымкентте өтіп бара жатқан адам қоқыс жәшігінен әйелдің денесін тауып алды, деп хабарлайды Zakon.kz

Отырар таратқан ақпаратқа сәйкес, жантүршігерлік жаңалық туралы хабар полицияға ақпанның бірінші күні таңертең түскен.

Қаладағы Жангелді көшесіндегі қоқыс жәшігінен көрпеге оралып, сауда сөмкесіне салынған әйелдің мәйіті табылды.

Оқиға орнына шақырылған полиция қызметкерлері мәйіттің шамамен 35 жастағы әйел адам екенін анықтады. Тергеушілер мен медициналық сараптаманың нәтижесі марқұмның денесінде көгерген іздер бар екенін көрсетті.

Аталған жайт әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы «Адам өлтiру» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі таңда күдікті тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды