Төтеншеліктер алматылықтарға таулы жерлерге барудан бас тартуды ескертті

Сурет: видеодан алынды
Қар көшкіні жүрген Pioneer тау шаңғы курортына "Қазселденқорғау" ММ Алматы пайдалану-техникалық басқармасының басшысы Дәуленқанов Самат барып, жағдайды барлап келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қирандылар мен бүлінулер туралы факті тіркелмеді.

15 наурызда курорт әкімшілігі қар көшкіні қаупі туралы ескертілді. "Қазселденқорғау" мамандарының ұсынысы бойынша арқанды жолдың жұмысы мен шаңғы трассаларында сырғанау тоқтатылды. Осы себепті қайғылы жағдайлардың алды алынды, - дейді қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

17 наурызда аралас жауын-шашынның түсуіне және тау бөктеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты, көшкін қаупі бар учаскелерді тексеру барысында ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандарымен Қотырбұлақ, Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде 21 қар көшкінінің өздігінен түсуі тіркелді. Түскен қардың жалпы көлемі 181550 м3 құрады.

Көлемі 30000 м3 болатын қар массасы “Пионер" ОТК шаруашылығына жетті, қалған бөлігі тау баурайының етегінде тоқтады. Зардап шеккендер, құрбандар және қираулар жоқ. Қар көшкін қаупі төмендегенге дейін таулы жерлерге барудан бас тартуыңызды сұраймыз! Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі

Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінде тау бөктеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты 19-24 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі сақталады, деп хабарлайды төтеншеліктер.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды