Мұздықтардың еруі. Құтқарушылар Алматы тауындағы жағдайды бағалады

Сурет: Алматы қалалық ТЖД
Алматы қаласы ТЖ департаментінің, "Қазселденқорғау" ММ-нің, "Қазгидромет" РМК-ның Алматы қаласы бойынша филиалының мамандары жағдайды кешенді бағалау мақсатында Алматы маңындағы таулы аудандарға аэровизуалды тексеру жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуеден бақылау теңіз деңгейінен 800-ден 4 200 метр биіктіктен жүргізілді. Ақсай - Түрген өзендерінен Іле Алатауы жотасы өзендері бассейндері дейінгі аралықта биік таудағы морена көлдері мен мұздықтардың, сел ошақтарының жай-күйі зерттелді. Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Сарапшылар мұздықтардың еру қаупі байқалмағанын айтты. Морена көлдер қысқы маусым құшағында, бұл қала тұрғындары мен инфрақұрылымына қауіп жоқ дегенді білдіреді.

Сонымен қатар, биік тауларда қар көшкіні жүру қаупі байқалады.

Қалалық ТЖД азаматтарға тау басына шықпауға және ол жерде шаңғымен сырғанамауға кеңес береді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды