Ірі алаяқтық қылмысының негізгі қатысушысы азамат К ұсталды. Ол 1993 жылы туған. Қазақстандықтарды қасындағы серіктестерімен бірге топтасып алдап келген.
Біз азаматтарға қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстыратын телефон алаяқтары туралы айтып отырмыз. Одан әрі олар сол адамның атынан біреу онлайн несие алуға әрекеттеніп жатыр деп хабарлайды. Егер жәбірленуші қулыққа түсіп қалса, онда қоңырау шалушы жинақты резервтік шотқа аударуды ұсынады. Осылайша қылмыскер басқа адамдардың ақшасына қол жеткізе алады. Дәл осындай резервтік шоттарды азамат К ұсынып келген. Дәлірек айтқанда, ол адамдарды тауып, олардың карталары арқылы ақша алуды ұсынып, бұл үшін жомарт сыйақы беруге уәде берген. Рұқсат етілген тінту кезінде күдіктіден әртүрлі екінші деңгейлі банктердің 157 картасы тәркіленді. Біз олардың иесін, сонымен қатар олардың алаяқтыққа қатысын анықтаймыз.Алматы Полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков
Жалдамалы пәтерден азамат К-мен бірге тағы 23 және 25 жастағы тағы үш ер адам ұсталды.
Бұл айыпталушылардың міндеттеріне карточкаларға түскен ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру кірген. Қазір аталған тұлғалардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау бойынша жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр. Кінәлілер жауапқа тартылып, азаматтардан ақша алудың схемасы белгілі болады.Берік Әбілбеков